16
март
2023
«Қош келдің Әз-Наурыз»
16.03.2023 жылы «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде наурыз мерекесіне байланысты «Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан мектеп директоры Е.Т.Саржигитов Наурыз меркесімен іс-шараға қатысушыларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Тәрбиелік іс-шара барысында қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі «Баланы қырқынан шығару» көрінісін мектеп ұстаздары көрсетті. Сонымен қатар, әсем ән шырқалып, Наурыз мейрамына байланысты викториналық ойындар ойнатылды.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: Балаларға наурыз тойы туралы түсінік бере отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бойларына сіңіру. Салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы білімдерін кеңейту. Балалардың санасын дамыта отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеу.