«Педагогикалық дебют» жас мамандар байқауы
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология және химия пәнінің мұғалімі Касенова Назым Батырболовна қалалық «Педагогикалық дебют» жас мамандар байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Кешкі (ауысымды) мектептен байқауға қатысқан жас маманымыздың алар асуы көп болсын, әрқашан мерейі үстем болсын!