ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС мүшелері алдында есеп беру жиналысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 07 қазан 2022 жылы мектеп директоры Е.Т.Саржигитов мектептің ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС мүшелері алдында есеп беру жиналысын өткізді. Жиналысқа кеңес мүшелері толық қатысты. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға өте жақсы деген баға беріп, мектеп ұжымына табыс тіледі.