Саржигитов Ерик Тортаевич » Коммунальное государственное учреждение "Вечерняя (сменная) школа" г. Талдыкоргана-
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Кешкі (ауысымды) мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)22-92-00
Есепші бөлімі:
+7(701)103 77 31
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2022

Саржигитов Ерик Тортаевич

Мектеп директорының өмірбаяны

Саржигитов Ерик Тортаевич 1988 жылы қаңтар айының 17 күні Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейін аяқтаған.

Білімі жоғары. 2005 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық факультеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2009 жылы оқуды аяқтаған. 

2009 жылдың күзінде әскерге шақырылып, әскери борышын Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы 27943 әскери бөлімінде әскерде борышын өтеген. Қазір запастағы жауынгер.

2012 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық факультеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2014 жылы магистратураны аяқтаған. Педагогика ғылымдарының магистрі. 

2018 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық факультеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсіп, 2021 жылы докторантураны аяқтаған.

2010-2015 жылдары Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, «№4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2015-2021 жылдары мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаған. 

    2021 жылы 21 маусымынан бастап «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.


Жеке отбасында:

Әйелі – Саржигитова Молдир Болатбековна 16.06.1993 жылы туған. Талдықорған қаласы, М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.

Қызы – Тортай Артемида Ерікқызы 29.08.2018 жылы туған. Талдықорған қаласы, М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының балабақшасында тәрбиеленіп жатыр.

Саржигитов Ерик Тортаевичтің өзі және отбасы әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған жоқ.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив