«Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың анықтамасы » Коммунальное государственное учреждение "Вечерняя (сменная) школа" г. Талдыкоргана-
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Кешкі (ауысымды) мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)22-92-00
Есепші бөлімі:
+7(701)103 77 31
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың анықтамасы
22
май
2023

«Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстардың анықтамасы

 «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында  жүргізілген жұмыстардың анықтамасы


2020-2023 оқу жылында Кешкі мектепте  кәмелетке толмағандармен мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары мектептің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Қалалық полиция бөлімінің есебінде тұрған оқушылар саны бүгінгі таңда-5, мектепішілік есепте тұрғандар саны-6, сәтсіз отбасынан шыққан-1 оқушы бар. Аталған оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс жоспары жасалынып, тәлімгер бекітілді. Үйлеріне барып, ата-аналарымен кездесіп, акт жасалынды. Ескелді аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған 9»А» сынып оқушысы Нұржанқызы Мейрамгүл деген оқушы 2023 жылдың қаңтар айында құқықбұзушылық жасап, әлеуметтік желілерге жарияланып кеткен болатын. Бұл оқушының мәселесі қалалық жасөспірімдер ісі жөніндегі комииссия отырысында қаралып, девиандтық мінез-құлықты мектепке ауыстыруды шешкен болатын. Анасы Садықова Айнұрға 127-пункт бойынша айыппұл салынды. 2023 жылдың 5-сәуір күні Жетісу облыстық ауданаралық мамандандырылған сотында сот болып, Тараз қаласындағы девиандтық мінез-құлықты мектепке ауыстыруға қаулы шықты. 

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар:

"Мектепте Өзін – өзі ұстау ережесін білесің бе?", "Теріс қылық, құқық бұзушылық, қылмыс", "Тектілік деген не", "Тәртіп пен тәртіп-біздің сенімді достарымыз", "Жасөспірім және құқық бұзушылық", "Біз өз іс-әрекетімізге жауаптымыз", "Құқық бұзушылықтың түрлері" және т. б. тақырыптарда тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.

Мектеп инспекторы ҚПБ капитаны Кусаинова Тоғжан Бақытжанқызы бірнеше рет мектеп оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық», «Әкімшілік құқықбұзушылық» т.б тақырыбында бірнеше рет кездесулер өткізді. 

Атап айтатын болсақ, мектеп инспекторлары Т.Құсаинова мен Талдықорған ҚПБ АБ анықтаушысы полиция аға лейтенанты Т.Атгамова «Заң және және жылпыға міндетті білім беру» тақырыбында дәріс оқыды.

08 қыркүйек 2022 жылы «Балалар жылы» аясында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-10 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу профилактикасы» тақырыбында Талдықорған қаласының ҚПБ АБ-нің аға анықтаушысы полиция капитаны Ә.Н.Абдраманов және мектеп инспекторы Т.Б.Кусаинова мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмысын жүргізді [1].

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 қазан 2022 жылы сағат 17.30-да мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс тақырыбы: «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу, ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі». Жиналысқа мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, сынып жетекшілер мен ата-аналар қатысты. Күн тәртібінде: 2021-2022 оқу жылына сараптамалық есеп, «Оқушылар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлық ерекшеліктері», «Психологические особенности развития личности старшеклассника» деген мәселелер қаралып, шешім шығарылды [2].

19 қаңтар 2023 жылы «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» атты тақырыбында мектепішілік жиналыс өткізілді [3].

Бұл жиналыстың мақсаты: Білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекеті, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Жиналысқа облыстық маслихат депутаттары, білім бөлімінің мамандары, мектеп инспекторы, сынып жетекшілер және оқушылар қатысты. Күн тәртібінде: Мектептің педагог-психологы Алтыбаева Гулзат Аскаровна «Психологиялық қолдау қажет ететін оқушылардың пайда болуына себепші факторлар», 10 «Б» сынып жетекшісі Толеубаева Алмагуль Адильжановна «Памятка для школьников Кибербулинг», мектеп инспекторы Құсаинова Тоғжан Бақытжанқызы «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» деген тақырыптарда баяндама оқыды. Жиын соңында оқушылар келген қонақтармен пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. 

19 қаңтар 2023 жылы «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ата-аналарына «Құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» атты тақырыбында мектепішілік жиналыс өткізілді [4].

Бұл жиналыстың мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі және құқықбұзушылықтың алдын алудағы жауапкершіліктері туралы білімдерін кеңейту. Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы үштік одақ жұмысын жандандыру. 

Жиналысқа мектеп инспекторы, сынып жетекшілер және оқушылар қатысты. Күн тәртібінде: мектеп педагог-психологы Алтыбаева Гулзат Аскаровна «Психологиялық қолдау қажет ететін оқушылардың пайда болуына себепші факторлар», 10 «Б» сынып жетекшісі Толеубаева Алмагуль Адильжановна «Роль семейного воспитания в профилактике девиантного поведения и негативных прывычек школьника», директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбаева Алмагүл Асаубайқызы «Отбасындағы тәрбиенің рөлі» және мектеп инспекторы Құсаинова Тоғжан Бақытжанқызы «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» деген тақырыпта баяндама оқиды. Жиын соңында ата-аналар келген қонақтармен пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

20.02.2023 жылы «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен облыстық наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Ерғабылов Мақсат Бейбітұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында маман есірткі, спирттік ішімдіктерін, темекі өнімдерін, вейпті (электронды темекі) пайдаланудың зияндылығы туралы баяндама оқыды, бейнеролик көрсетті. Сонымен қатар мектеп инспекторы Т.Б.Құсаинова кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы Құқықбұзушылықты алдын алу және қылмысты болдырмау мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Қуанышбаева Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің 2021 жылғы 25 мамырындағы №235 «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларды пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту» туралы бұйрығымен таныстырды [5] [6].

    Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында  арнайы мектеп психологімен жұмыс жоспары құрылып, төменде көрсетілген жұмыстар атқарылды. Жетім және ата – ана қамқорынсыз қалған оқушылармен жұмыс бойынша жыл басынан бұл категория бойынша 2 бала тіркелді. Жыл басынан бұл оқушыларға жеке жоспар құрылып жұмыс жүргізіледі. Бұл балалармен үнемі эмоционалдық күйлерін, көңіл күйлерін және ұжыммен қарым қатынастарын анықтап отырамыз. Балалармен жеке жұмыстар жүргізіледі. Қамқоршыларымен және сынып жетекшілерімен үнемі сұхбаттасып, кеңестер беріліп отырады. Бұл балалармен «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері», «Жасөспірім және зиянды заттар»  тақырыбында баяндама, Дж.Бук «Үй, ағаш, адам» әдістемесі, «Алақан» жаттығуы жүргізілді. жалпы эмоционалдық ахуалдарын диагностикалау бойынша «Спилбергер-Ханиннің әдістемесі», Г.Айзенк «Жеке тұлғаның психикалық жай-күйін өзін-өзі бағалауы» тесті, «Басса-Дарки сұрақнамасы»  жүргізілді.  Анықталған оқушылармен психологпен жеке кеңес өткізілді.  Түзету мақсатында «Мазасыздануға арналған жаттығулар» жүргізілді. Оқушының жанұя мүшелерінің өзара қатынасын тұлғаның жанұядағы орнын анықтау «Социометрия әдістемесі» алынды. «Қарым-қатынас» жаттығуы, «Мектеп қабырғасындағы тәртіп» тақырыбында оқушылармен әңгімелесу жүргізілді. Сондай-ақ «Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру» әдістемесі, «Оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру жаттығулары» орындалды. Есепте тұрған оқушылармен және тәуекел тобындағы оқушылармен әр балаға жеке жоспар құрылып, жоспар бағыттары бойынша түзете-дамыту жұмыстары атқарылды.





Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы               Қүанышбаева А.А.

жөніндегі орынбасары

  1. http://keshki.taldykorgan.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/121-zhassprmder-arasynda-ylmysty-aldyn-alu-profilaktikasy-tayrybynda-taldyoran-alasyny-pb-ab-n-aa-anytaushysy-policija-kapitany-nabdramanov-zhne-mektep-inspektory-tbkusainova-mektep-oushylarymen.html
  2. http://keshki.taldykorgan.edu.kz/roditelyam/
  3. http://keshki.taldykorgan.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/95-keshk-auysymdy-mektep-kommunaldy-memlekettk-mekemesn-oushylaryna-y-bzushylyty-aldyn-alu-basty-mndet-atty-tayrybynda-mektepshlk-zhinalys.html
  4. http://keshki.taldykorgan.edu.kz/ybzushylyty-aldyn-alu/95-keshk-auysymdy-mektep-kommunaldy-memlekettk-mekemesn-oushylaryna-y-bzushylyty-aldyn-alu-basty-mndet-atty-tayrybynda-mektepshlk-zhinalys.html
  5. http://keshki.taldykorgan.edu.kz/main/126-keshk-auysymdy-mektep-kommunaldy-memlekettk-mekemesnde-oushylarmen-oblysty-narkologijaly-dispanserd-narkolog-drger-erabylov-masat-bejbtlymen-kezdesu.html
  6. http://keshki.taldykorgan.edu.kz/main/124-blm-beru-jymdaryna-zhne-olardy-aumataryna-keluge-tyjym-salynan-tzbes.html



Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив