Сайлауға бар да көже іш » Коммунальное государственное учреждение "Вечерняя (сменная) школа" г. Талдыкоргана-
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«Кешкі (ауысымды) мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)22-92-00
Есепші бөлімі:
+7(701)103 77 31
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2023

Сайлауға бар да көже іш

Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді.
Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді.
Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив