22
май
2024
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады.
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев биыл 25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына байланысты сынып сағаттары өткізілетінін еске салды.
“Құрметті ата-аналар мен түлектер, салтанатты іс-шаралар барысында полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдайды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады”, - деді ол.
Оның айтуынша, мектептегі «соңғы қоңыраулар» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады.
https://www.instagram.com/reel/C7RCoswOBjk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==